Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Санкт-Петербургтегі апат: Жолаушыларды құтқарған қазақстандық марапатталды

Санкт-Петербургте суға құлаған автобустың жолаушыларын құтқаруға атсалысқандар марапатталған. Олардың арасында қазақстандық Ерхан Аханов та бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Ер адам ауыз су жеткізуші компанияда жұмыс істейді. Ол оқиға болған күні қызмет көлігімен көпірден өтіп бара жатқан.

"Мен суға секіргім келді, бірақ куәгерлер мұның өте қауіпті екенін айтты. Содан көліктегі сүйреткіш арқанмен төменге түстім. Арқанды көпірге жалғадық. Автобусқа қарай жүздім, люкті ашып, адамдарды шығаруға тырыстым", – дейді Аханов.

Губернатор Александр Беглов 15 қала тұрғынына қол сағаты мен "Құтқарудағы ерлігі үшін" белгісін табыс етті. Бұл – 2020 жылы тағайындалған Санкт-Петербург аймақтық сыйлығы.

25 жастағы Ерхан Аханов Шахтинскіде дүниеге келген. Бала кезінен спортпен айналысқан. Ол – бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионы. Әскерден кейін Санкт-Петербургке барып, сонда үйленіп, жұмыс істейді, оқуға да түскен. Ерханның анасы, әкесі және нағашы әжесі қазақ полициясында қызмет етеді.

10 мамырда күндіз Санкт-Петербургте автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, бірнеше көлікпен соқтығысқан, содан кейін көлік көпірден құлап кеткен. Апат кезінде 20 адам болған. Жеті адам мерт болды.

Талқылау