Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев шоу-концерт жасау үшін 70 мың доллар тұратын көлігін сатпақшы

Майғазиев тыңдармандарына «тәтті» концерт тарту ету үшін еш нәрседен аянып қалмақ емес. Сәкеннің сөзінше, «бұл шоу бұрын-соңды болмаған». Қомақты қаржыны талап еткен кеш, қандай ерекшеліктерімен елді елең еткізбек?

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Осыдан екі жыл бұрын елордалық тыңдарманға жеке концертін ұсынған Сәкен бұл жолы Алатау баурайында ән кешін өткізбек. Тәуекелге бел буған өнер иесі ұйымдастырушы ұжымның еңбегіне қомақты қаржы төлеуге серт берген.

“Режиссерлық жұмысың үшін көп ақша сұрап жатқан жоқсың ба дегенде.. Қанша сомма екенін айтпай-ақ қояйын. Осыншама соммаға деп айтып, сынап жатқан жігіттерге айтқым келеді… Концерттерден кейін айтсын ол сындарын деді. Шынымды айтсам, сол сөздің өзі менің жанымды семіртті десем болады”, – дейді Майғазиев.

Деңгейі жоғары кеш Майғазиевтің қалтасын жұқартар болса да, әншінің көңілі тоқ! Концерттік бағдарламам түрлі шоуға тұнып тұр дейді. Тіпті, Сәкен құны 70 мың доллар тұратын теміртұлпарын сатуға да әзір. Өйткені, өнерді өмірім деп ұққан әнші үшін, халықтың қошеметінен артық бақыт жоқтығын айтады.

“Қаржылай қиындық көріп жатсам да, мен астымдағы темір тұлпарымды сатсам да, «шоколад» концерт өткіземін», – деп сұхбат беріп едім. Сәкенді бірнеше қырынан көресіздер, Алла нәсіп етсе!  Мұндай концерт болған жоқ, – деп айтсам болады”, – дейді Сәкен.

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңына жоспарланған кешке, су жаңа дуэттер мен Сәкен Майғазиевті жұртқа әйгілеген «МузАрт» тобы да қатысады.

«Музарт» мен үшін бірінші пландағы үлкен топ. Мен «Музарттың» әншісі ретінде бақытты әншілердің санатындамын. «Музарттай» атынан ат үркетін топтың мүшесі екенімді мақтан етемін. Сол себепті «Музарт» міндетті түрде болады”, – дейді Майғазиев.

Жіберіп алмаңыз:

Бибігүл Төлегенова тікелей эфирде сұхбат бере отырып жылап қалды (видео)

Айару Бақытбек еліміздің ең танымал жұлдыздарымен шетелде демалатынын айтып мақтанды

Қазақ әншісі: Аңдығаны қыз, ішкені арақ, сөйте тұра “Ұлтымыз азып барады” деп сұхбат береді

Атышулы Айжан Байзақова туралы сіз білмейтін 5 дерек

Талқылау