Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сахнада өнер көрсеткен жоқ": Димаш Құдайберген Ақтөбенің мерейтойында ән айтпады (видео)

Димаш Құдайберген Ақтөбенің мерейтойында ән айтпай қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Димаш Құдайберген Ақтөбенің мерейтойында ән айтудың орнына, жерлестерін құттықтап, туған қаласына алғысын жаудырды. Халықтың алдында сөйлеу бақыты бұйырып тұрғанына қуанышты екенін де жасырмады.

"Құрметті жерлестер, сіздердің шын пейілдеріңізге, осынау үлкен ықыластарыңызға шын жүректен алғыс білдіргім келеді. Сіздерді Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Осындай айтулы шараға куәгер болып, сахна төрінен бой көрсетуге мүмкіндік алғаным үшін өзімді ерекше бақытты адам санаймын", - деп тілек білдірді Димаш Құдайберген.

Алайда, әнші сахнада өнерін көрсетпей, құттықтаумен шектелген. Бұл жағдайды Ақтөбе қаласының әкімшілігі түсіндіріп берді.

"Ол сахнада өнер көрсеткен жоқ. Өйткені туған жерге қала мен тұрғындарды мерекемен құттықтауға келді. Димаш өнер көрсетеді деп жоспарламаған едік", - дейді әкімшлік.

 

Талқылау