Норвегияда ер адам садақпен бірнеше адамды атып өлтірді
Норвегияда Кунсберг қаласында садақ және жебемен қаруланған ер адам қолынан бірнеше адам қаза тауып, жарақаттанған. Шабуыл жасаған күдіктіні полиция қызметкерлері тұтқындаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап.

13 қазанда сағат 18:13-де полицияға Кунсберг орталығында қарулы ер адамның жүргені туралы хабар келіп түскен. Кейінірек оның садақ және жебемен қаруланған белгілі болды.
Баспасөз отырысында қалалық полиция бөлімінің басшысы Ойвинд Аас тергеу енді басталғандықтан, барлық сұраққа жауап бере алмайтынын мәлімдеген. Оның айтуынша, оқ атқан ер адам тұтқындалған. Полицияда бар ақпаратқа сәйкес күдікті жалғыз әрекет еткен.
Әзірге бес адамның қаза тауып, тағы екеуінің жараланғаны белгілі. Норвегиядағы NRK телекомпаниясының хабарлауынша, полиция қызметкерлеріне бірнеше көшені жабуға тура келген.
Келіп түскен ақпаратқа сәйкес ер адам Coop Extra супермаркетінде оқ атқан. Әзірге күдіктінің бұлай істеуіне не себеп болғаны белгісіз.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”
"Асқан қатыгездік": Қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"