Қазақстанда хиджамаға тыйым салына ма – Ажар Ғиният жауап берді
Әлеуметтік желіде сәбидің маңдайын инемен тесіп, қан шығарған бейнежазбалар қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрі пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазіргі таңда дәстүрден тыс медицинамен айналысатын адамдар медицина қызметін көрсетсе, өз ісін лицензиялауы керек. Қазіргі таңда лицензияланған медицина қызметіне хиджама жатпайды. Сол себепті аталған факт бойынша комитет тергеу жүргізіледі. Алдағы уақытта бұл мәселені тереңірек қарастырамыз", –деді Денсаулық сақтау министрі.
Ажар Ғиният аталған әрекет лицензиясыз жасалғаны анықталса, онда министрліктің медицина және фармацевтикалық бақылау комитеті заң бойынша шешім қабылдайтынын айтты.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін сәбидің маңдайын кесіп, қанын шығарған бейнежазбаның қоғамдық талқыға түскені хабарланды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"