Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ресеймен стратегиялық серіктеспіз": Тоқаев Қазақстанның Украинадағы жағдайға қатысты ұстанымын тағы да айқындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия президентімен бірге БАҚ өкілдері үшін бірлескен мәлімдемесінде Украинадағы жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымын тағы да айқындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тоқаев

Өз сөзінде Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысын қатаң ұстану керегін атап өтті. 

“Біріншіден, біз БҰҰ Жарғысын қатаң сақтауымыз керек. Әрине, Біріккен Ұлттар Ұйымын әлемде теңдесі жоқ әрі әмбебап ұйым ретінде қолдауға тиіспіз. Екіншіден, біз Қытайдың, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің барлық бейбіт бастамасын қолдауымыз қажет. Сондықтан жақын арада Украинадағы қарулы қақтығыс тоқтайды деп үміттенеміз. Содан кейін әлемнің осы бөлігінде берік бейбіт өмір орнайтыны туралы сөз қозғай аламыз”, – деді ол. 

Президенттің сөзінше, Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуге өз үлесін қосуға дайын. 

“Сонымен қатар біз – Ресеймен стратегиялық серіктеспіз және бірнеше ұйымның мүшесі екенімізді атап өткен жөн. Сондықтан біздің мақсатымыз – екіжақты және халықаралық ұйымдар аясында өзара ынтымақтастығымызды нығайту үшін Ресеймен тығыз байланысты сақтау", – деп қосты Тоқаев.

Назархан Уән
Сейсенбі, 20 Маусым, 2023 16:08