Ресейдің жоғарғы соты ЛГБТ қозғалысына түбегейлі тыйым салды
Ресей Федерациясының жоғарғы соты ЛГБТ қозғалысына тыйым салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресейдің әділет министрлігі 17 қарашада елдің жоғарғы сотына тиісті талап-арыз жіберген. Министрлік "ЛГБТ халықаралық қоғамдық қозғалысын" экстремистік ұйым деп танып, Ресей аумағында тыйым салуды талап еткен. Алайда министрлік өз арызында ЛГБТ қозғалысына тыйым салынуының себептерін көрсетпеген.
Жоғарғы сот істі жабық есік жағдайында төрт сағатта қарады. Отырыста әділет министрлігінің өкілдерінен басқа ешкім болмаған.
Соңғы бір жылда Ресей билігі ЛГБТ қозғалысының жарнамасына және насихатталуына тыйым салған болатын.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған