Ресей трассасында қазақстандық жүк көлігі апатқа ұшырады
Ресейдің Челябі облысында қазақстандық жүк көлігі апатқа ұшырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпат агенттігі.

Мемлекеттік автоинспекция Челябі-Троицк автожолында төрт көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.
Кеше, 30 наурыз сағат 17.30 шамасында Челябі-Троицк автожолының 143-шақырымында "КАМАЗ" автокөлігінің жүргізушісі тоқтап тұрған "Газель" көлігіне соқтығысқан.
Содан кейін "Газель" қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, "Хово" көлігіне соғылды, ал "КАМАЗ" жартылай тіркемесі бар "Мерседес" көлігін барып соқты.
Жол апаты салдарынан "Газель" жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнында жол полициясының 3 экипажы жұмыс істеп жатыр. Кері қозғалыс ұйымдастырылды.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”