Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей президенті Орталық Азия аумағында бірігушілік тенденция тез қарқын алып жатқанына назар аударады

Орталық Азия аймағында бірігушілік тенденциялар тез қарқын алуда. Бұл жайында Ресей президенті Владимир Путин “Казахстанская правда” басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Орталык азия

“Орталық Азия аймағында бірігушілік тенденциялар тез қарқын алуда. Мұны биылғы жылдың 14-қыркүйегінде Душанбеде өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті консультативтік кездесуінің қорытындылары растады. Осының аясында "Орталық Азия плюс Ресей" форматы бұрынғыдан да танымал бола түсуде”, – дейді Путин сұхбатында.

Ресей басшысының айтуынша, жоғарыда аталған аймақ елдерінің өзара іс-қимылы, соның ішінде көлік-логистика, энергетика және гуманитарлық салалардағы әрекеті екіжақты ынтымақтастық шеңберінен асып түскен. Және ол барлық мүдделі тараптардың бірлескен күш-жігерінің арқасында одан да көп пайда алып, өзін байыта алады, дейді ол.



“Жоғары деңгейдегі диалогтан бөлек, біз қауіпсіздік кеңестері мен басқа құрылымдар арқылы байланыс орнаттық. Осылайша, 2019 жылдан бастап сыртқы істер министрлері деңгейіндегі алтыжақты байланыстар тетігі табысты дамып келеді. Осы форматтағы келіссөздердің келесі раунды биылғы жылдың 14-сәуірінде Самарқанд қаласында өтті. Салалық құзыреттер бойынша "Орталық Азия плюс Ресей" сараптамалық топтарының жұмысын бастау жоспарлануда”, – деп қосты Путин.

“Алтылықтағы” өзара іс-қимылдың басымдықтарына тоқталған Ресей басшысы бұл саяси диалогты арттыру, қауіпсіздік, экономика және сауда, ауыл шаруашылығы және азық-түлікпен қамтамасыз ету, көлік, энергетика, экология, денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық, гуманитарлық байланыстар, көші-қон, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникациялар саласындағы ынтымақтастықты қамтитынын түсіндірді.

Талқылау