Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей мен Беларусь мемлекеттерінің әскері Қазақстан аумағынан өтеді – Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға алдын ала ескерту жасады

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Ресей мен Беларусь қарулы күштері ҰҚШҰ оқу-жаттығулары аяқталғаннан кейін Қазақстан аумағы арқылы оңтүстіктен шығысқа және батысқа қарай жүретінін ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Жамбыл және Алматы облыстарында ҰҚШҰ-ның "Өзара іс-қимыл-2022", "Поиск-2022", "Эшелон-2022" Жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің қатысуымен оқу-жаттығулар өтті.

“Осы оқу-жаттығулар аяқталғаннан кейін 8-15 қазан аралығында әскери эшелондар Қазақстан аумағы арқылы тұрақты орналастыру пункттеріне көшеді. Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы Қарулы Күштерінің әскери контингенттері еліміздің аумағы арқылы бұрын "ҚТЖ" ҰК" АҚ-мен келісілген эшелондардың қозғалыс кестесіне сәйкес екі бағытта: оңтүстіктен шығысқа және батысқа қарай жүріп өтеді”, –  деп мәлімдеді министрлік.



Сондай-ақ Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамалары мен бөлімдері теміржол көлігімен және доңғалақты әскери техникамен еліміздің аумағынан өтеді.

"Азаматтардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған сипаттағы хабарламалар мен бейнежазбаларға жауап бермеуді және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", –  деп түсіндірді Қорғаныс министрлігі.

Талқылау