Ресей қалаларының бірінде Қазақстанның консулдығы ашылады
Қазақстан мен Ресейде екі консулдық ашылады. Тиісті үкімет қаулысының жобасы "Ашық нормативтiк құқықтық актiлер" порталында жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stroitel76.ru
Құжаттқа сәйкес, осы жылдың мамыр айында Қазақстан мен Ресей екі консулдық: Қазақстанның Астраханьдағы консулдығы мен Оралдағы Ресей консулдығын ашу туралы келісімге қол қойды.
Хаттамаға Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрліктерінің басшылары қол қойды.
"Келісімге хаттаманы бекіту Қазақстан мен Ресей арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді", – деді құжатты әзірлеушілер.
Үкімет қаулысының жобасы 26 шілдеге дейін талқыланып, содан кейін күшіне енеді. Консулдықтарды ашу үшін қанша ақша қажет екені белгісіз.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда Ресейдің бас консулдығы ашылатыны туралы жазған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"