Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рекордтық көрсеткіш: Қазақстандықтар бір жылда 304 миллиард теңге айыппұл төлеген

Кейінгі бес жылда Қазақстанда тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтар саны 2,5 есе өсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Istock.com

Өткен жылы мұндай құқықбұзушылықтар саны 15,1 миллионнан асса, 2019 жылы тек 6,1 миллион болған.

Әрбір осындай оқиға үшін құқықбұзушыларға әртүрлі әкімшілік жазалар қолданылды: 2024 жылға 14,7 млн болды. Оның ішінде айыппұлдар – 84%, ескерту – 12%, әкімшілік қамауға алу – 0,6%, шетелдік құқықбұзушыларды елден шығару істері – 0,2% және басқа да жаза түрлері қолданылды.

Әкімшілік жазалардың көбеюі құқықбұзушылықтардың санына тікелей байланысты. 

12 айда тәртіп бұзушыларға салынған ақшалай айыппұлдың жалпы сомасы 304,3 млрд теңге болды, 2023 жылмен салыстырғанда 63,9% артық. 2019 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда (71,9 млрд теңге) 4,2 есе өскен.

Сонымен қатар салынған айыппұл көлемі де соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткіш болды. Ең жоғары айыппұл 2024 жылы 190,5 млрд теңгеге жақындады (өткен жылмен салыстырғанда 30,5% көп).

2024 жылға салынған әкімшілік айыппұл көлемі бойынша Алматы қаласы мен Маңғыстау облысы көш бастады: 60,1 млрд және 40,5 млрд теңге. Алматылықтардың көбі жол ережесіне қатысты көп айыппұл төлеген. Мысалы 60,1 миллиард теңгенің 40,1 миллиарды көлік және жолдағы бұзушылықтар үшін төленді.

Маңғыстау облысындағы ірі көлемдегі айыппұлдар экологияға қатысты. Жалпы соманың 76,2%-ы немесе 30,9 млрд теңгесі кәсіпорынның қалдықтардың шегінен асып кетуіне байланысты. 

Өткен жылы әкімшілік айыппұлдардың 91%-ы жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынған. Айыппұл салуға әкеп соққан 12,7 миллион әкімшілік істің 11,6 миллионы осы санатқа жатады. Көбіне жылдамдықты арттыру (5,9 миллион) және жол белгілері немесе таңбалау талаптарын сақтамау (2,9 миллион) болды.

Салыққа қатысты әкімшілік құқықбұзушылықтар – 35 млрд теңге, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа нұқсан келтіретін құқық бұзушылықтар – 10 млрд теңге, сауда және қаржы саласындағы құқықбұзушылықтар 8,4 млрд теңге болды.

Талқылау