Референдум – 2026: 8,8 миллион қазақстандық дауыс берді

Орталық референдум комиссиясы 18:00-дегі жағдай бойынша дауыс берген сайлаушылар жайлы деректерді жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
18.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 845 280 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 70,98 пайызына тең.
Аймақтар бойынша дауыс беру үлесі бойынша 91,80%-бен Қызылорда облысы алда келеді. Ал аутсайдер қала атанған Алматыда 32,82%. Өзге өңірлер бойынша көрсеткіш келесідей:
- Абай облысы 73,84%
- Ақмола облысы 77,72%
- Ақтөбе облысы 83,12%
- Алматы облысы 70,27%
- Атырау облысы 71,08%
- Батыс Қазақстан облысы 66,90%
- Жамбыл облысы 81,07%
- Жетісу облысы 73,84%
- Қарағанды облысы 81,44%
- Қостанай облысы 80,11%
- Қызылорда облысы 91,80%
- Маңғыстау облысы 76,84%
- Павлодар облысы 71,85%
- Солтүстік Қазақстан облысы 68,58%
- Түркістан облысы 82,03%
- Ұлытау облысы 70,57%
- Шығыс Қазақстан облысы 83,63%
- Астана қаласы 56,72%
- Алматы қаласы 32,82%
- Шымкент қаласы 74,44%.
Некеге тұрып, үйін иемденіп, өзін өлтірген: Қазақстанда "қара риэлторлар" қалай әрекет етеді
"Қара риэлторлар" ісі бойынша қанды істерді зерттедік
Декретте отырған ананы қай ел көбірек қолдайды? Қазақстанда жаңа заңға сәйкес декреттік төлемдер қалай өзгереді
2027 жылдан бастап жәрдемақы тағайындаудың жаңа тәртібі енгізіледі