Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында ашық аспан астында экологиялық кездесу өтті

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Бүгін Қызылорда қаласының Президент саябағында 5 маусым – Эколог күні және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ашық аспан астында "Эколог сағаты" атты экологиялық танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық жауапкершілікті арттыру.

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Табиғат аясында өткен мазмұнды кездесуге сала мамандары мен эколог ғалымдар қатысып, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Атап айтқанда, Қызылорда облысы бойынша Экология департаментінің Қоршаған ортаны қорғау аға менеджері Хадиша Әбдібайқызы, Әлихан Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Қызылорда филиалының директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Самалбек Оразбайұлы және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің биология ғылымдары бойынша (PhD) философия докторы, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Нұргүл Сағындыққызы баяндама жасап, экологиялық ахуал, табиғатты сақтау мәдениеті, жасыл аймақтарды көбейту, су ресурстарын тиімді пайдалану және қоршаған орта тазалығы жөнінде ой-пікірлерімен бөлісті.

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Іс-шара барысында қатысушыларға қалдықтарды сұрыптау, энергия мен суды үнемдеу, табиғатқа жанашырлықпен қарау және тазалық сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, елімізде жүзеге асырылып жатқан экологиялық бастамалардың маңыздылығы айтылып, тұрғындарды табиғатты қорғауға белсенді атсалысуға шақырылды.

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет!

Дана Русланқызы
Жұма, 05 Маусым, 2026 21:12