Құрылтай сайлауы күні Түркістан облысында қоғамдық көліктер тегін қатынайды
23 тамыз күні Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Осы маңызды саяси науқан күні Түркістан облысының бірқатар қала-аудандарында тұрғындардың сайлау учаскелеріне еркін әрі кедергісіз жетуіне жағдай жасау мақсатында қоғамдық көлік қызметі тегін ұйымдастырылады.
Атап айтқанда, сайлау күні Түркістан мен Арыс қаласында және Қазығұрт ауданында қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайды. Бұл шара тұрғындардың дауыс беру учаскелеріне қатынауын жеңілдетіп, азаматтардың өз таңдауын жасауына қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған.
Түркістан облысы бойынша 1 204 659 дауыс беруші тіркелген. Құрылтай күні азаматтардың дауыс беруі үшін облыс аумағында 952 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Сайлау күні қоғамдық көліктің тегін қатынауы, ең алдымен, тұрғындардың уақытын үнемдеп, шалғай орналасқан сайлау учаскелеріне жету мүмкіндігін арттырады. Әсіресе қоғамдық көлікке тәуелді азаматтар үшін бұл маңызды қолдау болмақ.
Шетелге ұшқан қазақстандықтың багажынан құны 3 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымы ұрланған: Мұндай жағдайда тап болмас үшін не істеу керек
Жолаушы: "Чемоданды ақтарғандары сонша ішінде біреудің жапсырмалы тырнағы түсіп қалған"
Қазақстанда ресейліктер, белорустар және қырғызстандықтар үшін азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі тоқтатылды
Жеңілдетілген тәртіппен қабылдау 2026 жылғы 10 сәуірден бастап тоқтатылған