Қазақстандықтар биыл 30 тамызда демала ма: Еңбек министрлігі нақты жауабын берді

Қазақстанның еңбек министрі Асқарбек Ертаев биыл 30 тамызда қазақстандықтарға демалыс берілмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкіметтегі брифингте журналистер бұрын жаңа оқу жылы қарсаңында қазақстандықтар Конституция күні – 30 тамызда демалатынын еске салды. Олар 2026 жылы да осындай мүмкіндік бола ма деп сұрады.
Министрдің айтуынша, енді бұл күн демалыс болмайды.
“Демалыс күні болмайды. Бұл күн алып тасталады. Себебі жаңа Конституция күшіне еніп, басқа күн белгіленді. 30 тамыз – әдеттегі жұмыс күні болады”, – деді Ертаев.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 наурыздың Конституция күні болып белгіленетінін айтқаны туралы жазған едік.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған
Оқыңыз