Путин ресейлік шенеуніктердің өзге тілдегі сөздерді қолдануына тыйым салды
Ресей президенті Владимир Путин ел шенеуніктеріне сөйлегенде немесе ресми құжаттарда шет тілдік сөздерді қолдануға тыйым салатын заңға қол қойды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Коммерсантъ" порталына сілтеме жасап.

"Ресей Федерациясының мемлекеттік тілі туралы" заңға түзетулер енгізілуде. Заң нормалары барлық меншік нысанындағы ұйымдардың ресейліктермен ресми қарым-қатынастары мен ресми хат алмасулары үшін, мемлекеттік және муниципалдық ақпараттық жүйелер үшін, сондай-ақ тауарларды тұтынушыларға арналған ақпараттар үшін міндетті болатыны атап өтілген.
Құжатта орыс тілін шет тілімен шұбарлата сөйлеуден қорғау керектігі айтылған. Тек орыс тілінде аналогы жоқ сөздерге ғана қолдану рұқсат етілген.
Аналогы жоқ шетел сөздерінің тізімі арнайы сөздіктер мен анықтамалықтарда жарияланатын болады. Оларды орыс тілі жөніндегі комиссияның ұсыныстары негізінде үкімет бекітпек.
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты
Stan.kz тілшісі “психологсымақтардың” салдарынан зардап шеккендердің оқиғасын бөлісе отырып, психолог таңдауда не нәрсеге мән беру керек екенін анықтады