"Жақыныңды сүй": Путин Құраннан үзінді оқыды

Ресей президенті Владимир Путин діни бірлестіктердің өкілдеріне жүгініп, олармен кездесуде Інжіл, Құран, Тора мен Ганджур кітаптарынан үзінді айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

путин

Мемлекет басшысы қасиетті кітаптардың төртеуінде де нәсіліне, ұлтына және дәстүріне қарамастан жақынына деген сүйіспеншілік жазылғанын баса айтты.

Ол әр кітаптан үзінділерді кезек-кезек оқып берді. 

"Егер кімде-кім өзінің достары үшін жанын берсе, одан асқан сүйіспеншілік болмайды", - деп Путин Інжілден үзінді келтірді.

Осыдан кейін президент Құраннан мынадай жолдарды айтты: "Мұхаммед, айт, мен шынайы сенім жариялағаным үшін сендерден марапат сұрамаймын, тек жақыныңды сүюге шақырамын. Жақсылық жасаған адамның несібесін екі есе арттырамыз".

Путин келесі өсиетті Таураттан оқыды: "Бауырыңа деген өшпенділікті жүрегіңде сақтама. Жақыныңды қайта-қайта ескерт- сонда ол үшін сенде күнә болмайды. Кек сақтама және зұлымдыққа бой алдырма, жақыныңды өзіңді жақсы көргендей сүй".

"Және, Будданың сөздері: "Бұл әлемде жеккөрушілікті ешқашан жек көрушілікпен жоюға болмайды. Тек махаббат жеккөрушілікті жеңе алады", - деді президент.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр