Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ПТР-тесті жоқ азаматтар Қарағанды облысынан шығарылмайтын және аймаққа кіргізілмейтін болды

Қарағанды облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Жаңа ережеге сәйкес, өңірге кіруге немесе шығуға міндетті түрде ПТР-тест нәтижесі талап етіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қарағанды облысындағы Бұқар жырау, Қарқаралы және Осақар ауданнында 4 қарашадан бастап санитарлық бекеттер орналастырмақ. Бұл бекеттердегі жолаушылар мен жүргізушілер қозғалысын тексеруді аудан әкімдері қадағалайды. 

Жаңа құжатқа сәйкес, құқық қорғау органдары ПТР-тестінің нәтижесі жоқ азаматтарды облыстан шығармауға немесе кіргізбеуге құқылы. Ал санитарлық талаптарға бағынғысы келмейтіндерге заң бойынша шара қолданылады. 

Еске салайық, бұған дейін дейін санитарлық бекеттен өту үшін propusk.kz сайтынан рұқсат қағазын алу керектігі айтылған еді. Бекеттерде полиция және медицина қызметкерлері кезекшілік жасайды. 

Өз кезегінде әкімдік қызметкерлері қала және облыс тұрғындарын аса қажетті болмаса басқа аймақтарға шықпауға кеңес берді. 

Бұған дейін ШҚО-дан ПТР анықтамасынсыз шығуға тыйым салынғаны айтылған еді. 

Талқылау