Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Прокурор Альфа банкті тонағандарды 8 жылға қамауды сұрады

Бүгін Алматыда “Альфа банк” офисін тонағандарға қатысты сот отырысы өтті.

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Сот отырысы кезінде прокурор күдіктілерді 8 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді сұрады. Сотталушылар айыбын толығымен мойындады. Ал Иван Жуков пен Максим Бескишкин кішкентай балаларының барын айтып, жазаны жұмсартуды сұрады. Судья Бақытжан Бәкірбаев аталған іс бойынша үкімді 27 қыркүйекте шығаратын болды.

Естеріңізге сала кетсек, 27 маусымда “Арай” тұрғын үй кешінінде орналасқан Альфа банк офисі тоналған болатын.  Күдіктілердің бірі банк қоймасына кіріп, тапанша тәріздес затпен қызметкерлерді қорқытып, 65 млн 300 мың теңгені алып шығып кеткен. Кейінірек банктің бұрынғы қызметкері мен күзетшісі күдікті ретінде қамауға алынды.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакцинаны жаппай егу басталады

Ғалымдар күйзелісті ұйқысыздықпен емдеуге болатынын айтты

Таразда дәрігерлердің кесірінен 7 айлық сәби мүгедек болып қалған

ОҚО-дағы орталық мешітте Құран кітабы дәретхана қағазы ретінде пайдаланылып келген

Талқылау