Президент Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне түзетулерге қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тиісті заңды өткен жылдың соңында Парламент депутаттары қабылдаған еді.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев заңсыз алынған активтерді елге қайтару туралы заңға қол қойған еді.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"