Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әңгіме халыққа ұнағанда емес, істі соңына дейін жеткізу керек": Саясаттанушылар Тоқаевтың тұңғыш жолдауы туралы

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш рет Халыққа жолдауын жариялады. Жолдауында халық көкейінде көң боп қатқан өзекті мәселелердің жауабын айтқандай болды. Бұл жолғы Жолдаудың ерекшелігі неде? Маңызы мен салмағы қандай? Stan.kz тілшісі саясаттаушыларға хабарласып сұрап көрді. 

досСаясаттанушы Ерлан Саиров: 

Президент келесі мәжіліс және мәслихат сайлауы біздің елімізді нақты көппартиялы жасаудың сара жолы болу керек деп жатыр. Бұл  - құптарлық нәрсе. Қоғамдық саяси процесстер болып жатыр. Көптеген жаңашылдық бар. Мысалы, әлеуметтік салада айтылған ең негізгі мәселе ана мен баланы қорғау. Сонымен қатар балаларға деген зорлық-зомбылық мәселесі өршіп тұрған кезеңде осы қылмыс түріне байланысты заңды қатайтуға нақты тапсырма берілді. Бұл дұрыс деп ойлаймын. Адам дамуы индексінің алғышарты деп айтуға болады. Болашаққа деген белгілі бір үміт бар. Бұл реформаладың бәрі  - қоғаммен диалог жасайтын адамның, халықтың игілігі үшін еңбек ететін мемлекеттің нобайының пайда болуының көрінісі.

Белгілі саясаттанушы Дос Көшім: 

Мен көз салатын екі тақырып: Бірі саяси реформа, оның ішінде сайлау туралы реформа, саяси көппартиялы жүйені жасау жоспары. Әлі толықтай қарап үлгермеген соң, не бар, не жоғын айта алмай отырмын. Екінші, мәселе ұлттық мәселе. Мемлекеттік тіл туралы заңды міндетті түрде қайта жазып шығуы, оралмандар мәселесі, сырттан (Ресейден) келіп жатқан ақпарат ағынын шектеу мәселесі. Идеологиямызды қорғау. Сонымен қатар, ұлттық мәселе мен саяси демократия мәселесі мені толғандыратыны. 

Бейбіт митингке рұқсат беру деген Конституцияда бар мәселе. Оған рұқсатты президент бермейді, Конституцияда бар.

Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары, Гарвард университетінің түлегі Шыңғыс Мұқан:

Дұрыс бағытқа қадам жасалды деп ойлаймын. Президент болған соңғы 5 ай ішіндегі ең тұшымды, ең әсерлі сөз болды. Айтылған бастамаларды қолдаймын! 
Әрқайсын бөлек-бөлек талдау керек. Мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқартуды алайық. Бұл іс ойластырып жасалу керек. Шынында олардың саны көп па?

Қазір мемлекеттік қызметкерлер сенбі күні де жұмыс істеуге мәжбүр. Күні кешегі дейін түнге дейін қызмет жасап жүрді. Рейд жасап зорға дегенде тоқтатты. 

Шынымен олардың жұмысы көп пе, әлде тиімсіз бе? Осының шешімі тек қысқарту ма, әлде шынында да тиімділігін арттыратын зерттеулер жасалып, соның негізінде қабылданған шешім ба? Ол жөнінде бірдеңе айту қиын. Бірақ кез-келген өзгеріс жақсы қадамдарға түрткі болады деп үміттенем.

Жолдаудағы жаңалықтар, сөз жоқ, халыққа ұнайтын мәлімдемелер. Шетелдік көзқараспен қарасақ, популистік мәлімдемелер. Бірақ әңгіме халыққа ұнағанда емес, айтылғандарды орындауда. 

Тағы бір тұсын талдап көрелік. Қазақ тіліне қатысты айтылған ойды алайық. 
Кемінде халықтың жартысының көңілінен шыққан мәлімдеме. Бірақ оның барлығы бір мәлімдемемен шешілетін болса, онда керемет болар еді. Бірақ 30 жылдан бері айтылып келе жатқан әңгіме. Елбасы да "қазақ қазақпен қазақша сөйлессін" деп айтып келе жатыр. Айтылғаннан мәселе шешілмейді. Енді осыны тек мәлімдеме күйінде қалдырып қоймай, шынында да қазақ тілін этносаралық тілге айналдыру. Оны қалай істемек? Әңгімеде осыда.

Құқық қорғаушылар қарық болатын болды. Орган қызметкерлерінің тек сырт бейнесін ғана өзгертіп қою олардың екіұдай абыройын арттырады деп айта алмаймын. Олардың сана-сезімін, ішкі дүниесін өзгерту керек. Осы айтылған мәлімдемелер нақты жүзеге асып жатса, президенттің абыройын арттырады. Ал үлкен мәлімдемелердің артында нақты-нақты істер болмаса және ол істер өзінің тиімділігін көрсетпесе, онда президенттің халық алдындағы абыройы азая бастайды.

 

Дайындаған: Жанна Мәлік
 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қоқыс үйіндісінен табылған 12 жасар қыз босанды

Дәрігерлер оны табиғи жолмен босандырып алған

ІІМ Шамалғандағы ауыр апат туралы: Автобус бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп кеткен

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

«Мен ешнәрсе істей алмаймын»: Пойыз қаққан автобус жүргізушісінің соңғы сөзі (видео)

Автобус жолаушысы қайғылы жағдайдың алдында не болғанын айтып берді

"Бізді ажал айырғанша": Ксения Собчак пен күйеуі той кортежі үшін тұтқындалды

Көптен күткен үйлену тойы өтті

"Жүргізушінің қозғалатын жері де болмады": Куәгер Шамалғандағы жол апаты туралы

Куәгердің сөзінше, жантүршігерлік апат қас-қағым сәтте орын алған

Алматының ең қарт тұрғыны 106 жасқа толды

Кейуана Алматымен бірге өскенін, шаһардағы өзгерістердің бәрі көз алдында екенін айтады

Премьер-министрге сауал жолдаған: Шамалған тұрғындары бір жыл бұрын пойыздар мәселесіне шағымданған

Тұрғындардың көтерген мәселесіне депутаттар да араласып, көпір салынуын сұраған

"Сахнада жылап жіберді": Батыр Байназаров Ringo тобынан кетті

Ол топқа бірінші болып келген еді

"Головкин жекпе-жекке лайық": Альварестің промоутері үшінші жекпе-жектің уақытын атады

Промоутер: Адамдардың бұл жекпе-жекті тамашалағысы келетіні сөзсіз

"Бетің былқ етпей": Дәурен Айдарқұлов пен Айқын Төлепберген өзінің кәсіби өтірікші екенін айтты

Ақбота мен Дәурен сахнада келіспей қалды
Çàãðóçêà...