Польшада 1400 дүкені бар ірі сауда орталығы өртке оранды (видео)
12 мамыр күні таңертең Варшаваның Бялолека ауданында 1400 дүкен мен қызмет көрсету нүктелері орналасқан алып сауда орталығы өртке оранды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі PAP басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт сөндіру қызметі орталықтың 80 пайыздан астамы өртеніп жатқанын хабарлады. 50 топ құтқару жұмыстарымен айналысып жатыр. Оның ішінде химиялық және экологиялық құтқару мамандары да бар.
Жергілікті телеарналар таратқан кадрлардан аймақтан қою қара түтін көтерілгенін көруге болады. Билік варшавалықтарға өрт туралы ескертіп, терезелерін жауып үйден шықпауды ескертті.
Полиция зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"