Төреғали Төреәлінің күйеубаласы марапатталды
Джиу-джитсудан қазақстандық күресші Дархан Нортаев марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Коллаж: Stan.kz
Спортшы – танымал әнші Төреғали Төреәлінің күйеубаласы, қарындасы Фаризаның жолдасы. Спорт саласының үздігі жеке парақшасында су жаңа марапатқа ие болғанын жариялады.
“Ішкі істер министрлігінен алғыс хат алдым”, – деп жазды Дархан Нортаев.
“Қазақ полициясы” бейнебаян түсіріп, полицияның оң имиджін қалыптастыруға, қоғамдағы беделін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс жариялаймыз”, – делінген мәтінде.
-
Төреғали Төреәлі есірткіге мас күйінде ұсталды - Алматы полициясы
-
Уақытша ұстау изоляторында жатқан Төреғали Төреәлі ауруханаға жеткізілді
Еске салайық, Төреғали Төреәлі Ішкі істер министріне ескерту жасаған еді.
“Құрметті, ішкі істер органдарының ардагерлері, тәртіп сақшылары, ішкі істер органдарының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Мені танып тұрсыздар ма? Мен де сіздерді жақсы көріп, біліп тұрмын. Құрметті Ержан аға, сізбен осындай керемет жерде көрісіп тұрғаныма қуаныштымын. Маған тиісе бермесін, мына кісілерге айтып қойсаңыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!” – деп әзілдеді әнші.