Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендерге берілетін өтемақы екі есе қысқартылған

Петропавлда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға төленетін әлеуметтік төлемдерді 200 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін төмендету туралы жасырын шешім қабылданған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото видеодан скрин

10 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ринат Елжасов облыстың барлық аймақтарында және Петропавлда қиын жағдайға тап болған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ережелері туралы хабарлаған. Шенеунік су тасқынынан зардап шеккен Петропавл қаласының тұрғындарына 200 АЕК көлемінде өтемақы төленетінін айтқан.

14 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі де телеграмдағы парақшасында Петропавлда үйлерін су басқан тұрғындарға көрсетілетін көмек туралы ақпарат жариялап, тұрғындарға бір реттік 200 АЕК немесе 738 мың теңге көлемінде өтемақы төленетінін хабарлады.

Алайда біраз уақыттан кейін ақпаратқа өзгерістер енгізіліпті. Белгісіз себептермен өтемақы мөлшері екі есе, яғни 200 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін қысқартылған.

Айта кетейік Петропавл қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы сессиясының шешімімен тұрғын үй иелеріне төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік көмектің мөлшері бір отбасына 100-ден 200 АЕК-ке дейін көтерілген. Бұл шешім 2024 жылғы 8 сәуірде жарияланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына сапары барысында тұрғындармен кездесуінде әлеуметтік көмектің 100 АЕК көлемінде болатынын мәлімдеген және жиналғандардың ешқайсысы бұл ақпаратқа наразылық білдірмеген.

Басылымының мәліметінше, қазірге дейін прокуратура мен қалалық әкімдіктен жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме келмеген. 

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Forbes тізіміне кіретін ірі кәсіпкерлер әр облысқа бекітіліп, көмек көрсететінін айтқаны туралы жазған едік. 

Талқылау