Петропавлда құдықтан пышақ жарақатын алған ер адамның денесі табылды
Петропавлда тұрақты тұрғылықты жері жоқ 40 жастағы әйел 30 жастағы танысын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
5 ақпанда Брусиловский көшесінің бойындағы жылу магистралінің құдығынан пышақ жарақаттарын алған 30 жастағы азаматтың денесі табылды.
"Жедел-іздестіру іс-әрекеттері қылмысқа тұрақты тұрғылықты жері жоқ 40 жастағы әйелдің қатысы барын анықтап жатыр. Олардың бір күн бұрын құдықта бірге алкогольдік ішімдік ішкені анықталды", - деді полициядағылар.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазақстанда жақынынан айырылған қызметкерлер бір реттік төлем ала алады
Мектеп қызметкерлеріне 86 мың теңгеден астам көмек қарастырылған
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"