Павлодарда жолаушы қызды зорлаған көлік жүргізушісі сотталды
Павлодарда жолаушысын зорлаған таксист абақтыға жабылды. Өткен жазда мобильдік қосымша арқылы шақырылған ол жас қызды айдалаға әкетіп, арам пиғылын іске асырған. Бұл оқиға бүкіл қаланы дүрліктірген еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" жаңалықтарына сілтеме жасап.

Себебі, медицина қорытындысына қарамастан, тәртіп сақшылары азғынды жайына қоя берген. Тек қоғамға жария болған соң, күдікті тергеуге алынып, ал тергеуші қызметінен кетіп тынған. Атышулы сот отырысы жабық жағдайда өткізілді. Ісі сегіз ай дегенде сотқа жеткізілген таксист үкім оқылар кезде залды басына көтеріп айқайлады.
Сотталушыны сабасына түсіру үшін күзетшілердің күш қолдануына тура келді. Оған судья үш жарым жыл жаза кесіп, жәбірленген қызға миллион теңге моральдық өтемақы төлеуі тиіс.
«Үкіммен толық келісеміз. Күдіктінің кінәсі дәлелденді. Бастапқыда істің қиынға соққаны рас, себебі сотталушының барлық айыбы белгілі болса да, былтыр жаздан бері әділдікке жете алмаған едік», – деді адвокат Әлия Ахметова
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"