Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда шенеуніктер бюджеттен 600 миллион теңге жымқырған

Павлодар облысының прокуратурасы азаматтарды оңтүстік аймақтардан солтүстіктегі халқы аз елді мекендерге қоныстандыру жобасына бөлінген бюджеттік қаражатты ұрлау фактілерін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Белгілі болғандай, “Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері” ұлттық жобасын іске асыру аясында бюджет қаражатын иемденудің тұтас схемасы жасалған. Соның ішінде шығынның жартысын алу үшін үйлердің құнын 8 миллион теңгеге дейін жасанды түрде көтерген (үй сатып алу үшін 50%, яғни тек 4,2 миллион теңге өндіріледі).
Іс жүзінде қараусыз қалған үйлер 500 мың теңгеден бастап сатып алынған.

Нәтижесінде қоныс аудару тек қағаз жүзінде ғана орындалады, халық көшіп кеткендіктен, облыста 59 елді мекен жойылған.

Тек 6 ауданның өзінде 600 миллион теңге жымқырылған.



“Прокуратура тексеру материалдарын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркеді. Тергеу амалдарын арнайы прокурор жүргізіп, тексеру жалғасып жатыр”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысы №1 перзентхананың бас дәрігері мен есепшісі пара алу және мемлекет мүлкін жымқыру бабы бойынша сотталғанын хабарладық. Сотталушылардың кінәсі толық дәлелденіп, іс бойынша төрт айыпталушыға да айыппұл салынды. Сотталушы бұрынғы бас дәрігер мен есепші мемлекетке әрқайсысы 27 миллион теңгеден, ал кәсіпкерлер 15 және 20 миллион теңгеден төлеуге тиіс.

Талқылау