Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық рэпер мен оның продюсері есірткі таратты деген күдікпен ұсталды (видео)

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызмет есірткі таратты деген күдікпен Павлодарда рэпер мен оның продюсерін ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

есірткі

Астана тұрғындары заңсыз интернет-дүкенге көмектесіп, тыйым салынған заттарды Павлодар қаласына жеткізгені анықталды.

“Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 28 жастағы рэп орындаушы ұсталды, оның тұрғылықты жерін тінту кезінде құрамында каннабис орамы және телефон табылды. Ал 27 жастағы ер адамның студиясын тінту кезінде жазбалар мен өсімдік тектес есірткі құралдары, тауарды буып-түюге арналған электронды таразы мен ноутбук табылды”, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Полиция бұл факті бойынша “Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. 

Талқылау