Петропавлда екі адам итті өлітіріп, сойып тастаған
Петропавлда екі адам итті өлтіріп, сойып тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Адам шошырлық видео әлеуметтік желіде жарияланды.
"Бүгін 13.20-да еркек пен әйел көпқабатты үйдің терезесінің түбінде итті өлтіріп, сойып тастады", – дейді видео авторы.
Петропавл қаласының полиция басқармасы итке қатыгездік танытқандарды ұстады.
"42 жастағы ер адам мен 60 жастағы әйел адам ұсталды. Олардың әрекеттері видеоға түсірілген. Қылмыстық кодекстің 316-бабы “Жануарларға қатыгездік” бойынша тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады Петропавл қаласының полиция басқармасы.
Итке қатыгездік танытқандарға 120 айлық есептік көрсеткішке дейін 350 040 теңге айыппұл салынады. 120 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 30 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалады.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен