Павлодарда 16 жастағы жасөспірім Ерке Есмаханға сезімін білдіріп, сақина тақты
Павлодарда қала күніне арналған концертте ерекше оқиға орын алды. 16 жастағы жасөспірім әнші Ерке Есмаханға сезімін білдіріп, сақина тақты. Жас баланың көңілін қалдырғысы келмеген Ерке оның жүзігін қабыл алып, ұсынысына "иә" деп жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жас жігіт сахна алдына барып, Еркеге жүзік сыйлады. Әнші де көп кідірместен "иә" деп жауап берді.
"Сен ойланып істедің ба? Онда сахнаның артына жүр. Алматыға кетеміз", - деді Ерке. Артынан жігіттің жасы 16-да екенін, әлі мектепте оқитынын білді.
"Онда сенің мектеп бітіргеніңді күтемін", - деп қалжыңдады Ерке.
Концертке жиналған қалың көрермен жігіттің батылдығына қайран қалса, желі қолданушылары көңілдерінің бір көтеріліп қалғанын атап өтті.
Қазақстанда хиджабқа бола мектепті лицензиядан айыру дұрыс па: Заңгерлер не дейді?
Оқу-ағартуға қатысты ҚМДБ-ның өшірілген жазбасы
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған