Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында жоғалған жігіттің туыстары 5 миллион теңге сыйақы ұсынды

Павлодар облысында жоғалып кеткен Дархан Байтоқтың туыстары жігіттің қайда екені туралы мәлімет айтқандарға 5 миллион теңге сыйақы ұсынды.

Алайда әзірге нәтиже жоқ. Бұл туралы павлодарлық "VITA" іздеу жүйелері Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

Сәуірдің 30-ына қараған түні достарымен жиналған 27 жастағы Дархан Байтоқты бір аптадан бері іздеп жатыр. Бір аптадан бері Дархан туралы ақпарат жоқ. Еріктілер жас жігіт жоғалып кеткен ауылға барды.

“Бір топ Дарханды судан, ал екінші топ жігіттер құрлықтан іздеді. Еш нәтиже жоқ. Жігіттің туыстары ол туралы ақпарат айтқан адамға 5 миллион теңге сыйақы ұсынады", - деп атап өтті еріктілер.

Дархан туралы ақпарат білген адамдар мына телефондарға хабарласа алады: +7 747 615 55 63, +7 777 334 82 01 немесе 102.

Еске салайық, бұған дейін жігіттің 13 досымен бірге демалғаны хабарланған. Дархан жолдастарымен туған ауылы Қарасұқтан бір шақырымдай жерде орналасқан үйде болып, түнде үйіне қайтып кеткен. Содан бері қайда екені белгісіз.

Полицейлер жедел-тергеу тобын құрып, бағыт-бағдар құрастырды. Облыстың барлық аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ басқа облыстардағы полиция департаменттеріне ақпарат жіберді.


Ресейлік боксшы Данияр Елеусіновке видео үндеу жолдады

Талқылау