Павлодар облысында қыдыруға шыққан жігіт жоғалып кетті
Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Қарасұқ ауылының хабар-ошарсыз кеткен тұрғыны Дархан Байтоқты осымен үшінші күн іздестіріп жатыр. Бұл туралы павлодарлық VITA іздеу отрядының еріктілері әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"29 сәуірден 30 сәуірге қараған түні Дархан 13 досымен бірге өз ауылынан шамамен бір шақырым жерде қолдан жасалған шағын үйде демалған. Олар көңіл көтерген, түнгі екіден кейін Дархан үйіне қайтуға жиналған, бірақ сол күйі келмеген. Жігіт жоғалып кетті", – дейді еріктілер.
Содан бері 27 жастағы ауыл тұрғынын ешкім көрмепті. Дарханды үйде қарт ата-анасы күтіп отыр.
Еріктілер облыстың барлық тұрғынынан көмек сұрады.
Жоғалған адам туралы ақпаратты WhatsApp арқылы мына нөмірлер бойынша хабарлауға болады: +7 (747) 615 55 63 – Катерина, +7 (777) 334 82 01 – Светлана
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады