Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында 12 күн бойы іздеуде болған екі баланың анасы табылды

Павлодар облысында жоғалып кеткен екі бүлдіршіннің анасы 26 жастағы Диана Сағынтаева аман-есен табылды. Оны VITA тобының еріктілері 12 күн бойы іздеген болатын. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет еріктілердің Instagram парақшасынан

Деректерге сай Диана Ертіс ауданы Қызылжар ауылында орналасқан үйінен Павлодарға жұмысқа шығып, 12 күн бойы хабарсыз кеткен. 

"Барлықтарыңызға рахмет! Полиция тапты, аман. Өзіңіз бен жақындарыңызға қамқор болыңыз", - делінген еріктілердің Instagram парақшасында.



Кішкентай балалардың анасы осы уақыт ішінде қайда болды және неліктен жоғалып кеткені белгісіз.

Желі қолданушылары “қыдырғысы келген шығар" деп пікір қалдыруда.

Талқылау