Павлодар облысы әкімдігі Бақауовтың ұсталуына қатысты пікір білдірді
Павлодар облысы әкімдігі Болат Бақауовтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«БАҚ-та, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Павлодар облысының әкімі ұсталды, тергеліп жатыр» деген мазмұндағы хабарламалар мен аудиожазбалар таралуда. Дәл қазіргі уақытта аталған ақпаратты растайтын ресми деректер жоқ.
Ресми деректер жарияланғанға дейін қандай да бір тұжырым жасаудан аулақ болуға шақырамыз. Біз Сіздерді өзіміздің әлеуметтік желілер арқылы хабардар ететін боламыз”, - деді баспасөз қызметіндегілер.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Болат Бақауовты ҰҚК қызметкерлері ұстап әкеткені туралы хабар тараған-ды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды