Париж олимпиадасына қатысатын гимнастшы Франциядағы турнирде топ жарды
Олимпиада жолдамасының иегері Милад Карими спорттық гимнастикадан Францияда өткен халықаралық турнирде топ жарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Милад Карими олимпиада қарсаңында Франция, Ұлыбритания, Италия, Германия, Швейцария елінің мықтылары сынға түскен додаға қатысып, жеңімпаз атанды. Көпсайыста 83.750 ұпай жинаған отандасымыз жарыс қорытындысы бойынша үздік шықты. Карими ең көп ұпайды (15.000) еркін жаттығудан иеленді. Күмісті Ұлыбритания өкілі Джо Фрейзер иеленсе, қола жүлдені италиялық Марио Мачиати алды.
Айта кетейік, Милад Карими Ташкенттегі Азия чемпионатының көпсайыс бағдарламасында 84.632 ұпай жинап, күміс жүлде еншілеген еді.
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген
"1 миллион 200 мың теңге сұрады”: Қазақстандық мұғалімдер мектепке жұмысқа тұру ақша сұрайтынын айтып наразы болды
Айман: "Олардың өз схемасы бар, ақшаны делдалдар арқылы қолма-қол сұратады"

