Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Парашюті ашылмай, көз жұмды: Ақтаудағы әскери қызметкердің өліміне қатысты қорғаныс министрлігі пікір білдірді

ҚК БШ ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов Ақтауда әскери жаттығу кезінде парашюты ашылмай, көз жұмған әскери қызметкердің мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жүсіпов әскери қызметкердің қауіпсіздігін бақылайтын бөлімнің құрылғанын айтты. Ал Ақтауда көз жұмған сарбазға қатысты қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын түсіндірді. Биылғы жылғы әскерлердің қызмет барысында көз жұму көрсеткіші былтырғыдан әлдеқайда төмен. 



"Қорғаныс министрлігінің тапсырмасымен әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімі құрылды. Қазіргі таңа тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде нақты шешім шығарылатын болады. Бірінші кезекте біз жедел қызмет әскерінің өмір қауіпсіздігіне алаңдаймыз. Әуелі командирлер мен кәсіби сержанттардың қауіпсіздігін қадағалаймыз. Соңғы жылдармен салыстырғанда, биыл жедел әсери қызметтегілермен болатын төтенше оқиғалардың саны азайған", - дейді Сәкен Жүсіпов. 

Еске салсақ, Ақтауда парашют шатыры толық ашылмағандықтан сарбаз жапа шекті. Оқиға парашютпен жоспарлы түрде секіру жаттығуы кезінде болған. Парашюті толық ашылмай қалғандықтан жарақат алған әскери қызметкер Ақтау ауруханасында қайтыс болды. 

Талқылау