Пара беруге мәжбүрлеген: Атырау облыстық көші-қон қызметінің басшысы ұсталды
Атырау облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы Руслан Әділовті ұстады, деп жазады жергілікті "Ақ Жайық" басылымы өз дереккөздеріне сілтеп. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 27 сәуірде Әділов ағасымен бірге Қазақстан Республикасының шекарасынан шығып кету қауіп төніп тұрған Молдова елінің азаматын қалалық сот судьясына пара беруге мәжбүрлеген.
"Полковник Әділовке 6 мың доллар көлемінде параны рекрутингтік агенттіктің директоры тапсырған, бірақ ағайындылар ақшаны судьяға бермей, өздерінде алып қалған", - делінген мәлімдемеде.
Қылмыстық кодекстің 367-бабы (Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобын пара беруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"