Өзін "елдегі ең үздік" деп жарнамалаған қазақстандық оператор сотта мұны дәлелдей алмай ұтылып қалды

Қостанайда өзін елдегі ең үздік деп жарнамалаған оператор сотта мұны дәлелдей алмай ұтылып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қостанай облысының соты ұялы байланыс операторының жарнамалық видеосына қатысты азаматтық істі қарады. Видеода компанияның мобильді интернеті Қазақстанда сапасы мен қамту аймағы бойынша бірінші орын алады деген мәлімдеме болған. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот YouTube-та жарияланған жарнамада оператордың дәлелсіз ақпаратпен бөліскенін қарады.
"Сот жарнамада келтірілген мәліметтер жеткілікті және объективті дәлелдермен расталмағанын атап өтті", – делінген хабарламада.
Сот мұндай сөздер тұтынушыларды компания ең мықты деген қате пікірге әкелуі мүмкін екенін айтты. Сондықтан тексеріс жүргізу үшін материалдар тиісті органға жолданды.
Оқыңыз“Жеке ұйғарымнан кейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті компанияның әрекетін тексерді. Тексеру барысында жалған әрі шындыққа сай келмейтін жарнама тарату арқылы адал емес бәсекелестік белгілері анықталғаны айтылды”, – делінген сот хабарламасында.
Компанияға заң бұзушылық туралы хабарлама жіберіліп, жарнаманы тоқтату, теріске шығару жариялау және мұндай жағдайды қайталамау талап етілді.
Сот барлық компаниялар жарнама заңын сақтап, тұтынушыларды жаңылыстыратын ақпарат таратпауы керек екенін ескертті.
Қытайда қазақстандыққа адам өлтірді деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр