Өзбекстанға дзюдодан тарихи алтын сыйлаған Диёра Келдиёроваға арналған кино жарыққа шықты

Тәуелсіз Өзбекстан тарихында дзюдодан тарихи алтын сыйлаған Диёра Келдиёроваға арналған кино жарыққа шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Бұл туралы дзюдошы арудың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.
“Бүгін мен туралы кино жарыққа шықты. Осы кино барлық қыз-келіншектердің көзқарасын өзгертіп, шабыт сыйлап, мақсаттарына жетуге күш-жігер сыйлайды деген үміттемін”, – дейді дзюдошы.
Айта кетейік, Диёра Келдиёрова 2024 жылғы дзюдодан Париж Олимпиадасында 1/16 финалда атақты жапон қызы Ута Абэні иппон әдісімен жеңіп, сенсация жасаған еді.
Нәтижесінде финалға дейін жетіп, Өзбекстанға дзюдодан Олимпиаданың алғашқы алтынын сыйлады.
Сонымен қатар даңқты дзюдошы жуырда алғаш рет ана атанды. Оның күйеуі Азамат Матякубов та өзбек еліне танымал дзюдошы.
Талқылау
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып

