Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда “жеңгетайлық” жасаған 43 жастағы қазақстандық әйел ұсталды

Қазақстан азаматшасы жезөкшелікпен айналысу үшін шетелге қыздар жіберді деген күдікке ілінді.

Өзбекстанның ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің мәліметінше, өзбек полициясына алтыншы наурызда әйел адам арыз берген. Оның айтуынша, 33 жастағы Өзбекстан азаматы мен 43 жастағы қазақстандық әйел жезөкшелікпен айналысу үшін шетелге қыздар жібереді екен, деп хабарлайды Sputnik.

Әйелдің сөзіне сүйенсек, қылмыстық жұп оған айына екі мың долларға жезөкшелікпен айналысуға ұсыныс білдіріпті, тапқан ақшасының жартысын соларға беріп отыруы тиіс екен.

Қазақстан азаматшасы мен өзбекстандық 9 наурызда заңсыз шекара аспақ болғанда ұсталды.

“Адамдар сату” бабында қарастырылған қылмыстық белгілер бойынша іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тағы оқыңыз:

ОҚО тұрғыны тырнаны атқан мергенді құстың киесі ұрғанын айтып берді

Психолог: Енелердің бір қателігі келіннің жақсы-жаман болуын баласынан көрмейді

Қыздың бұтына жабысып билеген жігіт елдің ашуын келтірді (видео)

Талқылау