Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

16 және 17 жастағы балалардың үйлену тойын жасағаны үшін ата-аналары жауапқа тартылды

Бұхарада 16 жастағы ұл мен 17 жастағы қыздың тойын ұйымдастырған ата-ана әкімшілік жазаға тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kun.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Kun.uz

Балалар омбудсменінің өкілі бұл баланың білім алу, денсаулық сақтау және жеке даму құқығына қайшы келетінін атап өтті. Жыл басынан бері соттар осыған қатысты 125-ке жуық іс қарағаны хабарланды.

Өзбекстан балалар омбудсменінің баспасөз қызметі кәмелетке толмаған балаларының үйлену тойын ұйымдастырған ата-аналардың әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Неке қию рәсімі 29 маусым Фатхобод банкет залында өткен. Шафирқандық 16 жастағы жасөспірім мен Қаракөлдік 17 жастағы қызды үйлендіріпті.

Аталған факті бойынша Қаракөл аудандық ішкі істер бөлімі тергеуге дейінгі тексеру жүргізіліп, ата-аналарға Өзбекстанның Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексінің 47−3-бабының 2-бөлігі “Келісім жасы немесе неке қию тәртібін бұзу” бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Кәмелетке толмағандардың үйлену тойын ұйымдастырғаны үшін ата-аналарға 7 АЕК яғни 2,38 миллион сум (шамамен 90 мың теңге) айыппұл салынды.

Балалардың ата-анасы мұсылманша неке де, заңдық неке де әлі тіркелмегенін, тек үйлену тойы жасағандарын айтты. Өзбекстанның Отбасы кодексіне сәйкес, ерлер мен әйелдер 18 жастан бастап үйлене алады.

Балалар омбудсмені Сурайе Рахмонова 2019 жылға дейін қыздардың ерте тұрмысқа шығуы жиі кездескенін айтады, бірақ қазір азырақ. 2018 жылы 5123 жағдай тіркелсе, 2023 жылы мұндай 42 жағдай тіркелді.

Талқылау