Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстан президенті ұлт бояуын жойды деп кеңестік режимді айыптады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев өзбек ұлтының азаттыққа деген құштарлығын басу үшін түрлі әрекетке барды деп кеңестік режимді айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ташкенттегі Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай қуғын-сүргін құрбандарын еске алу аллеясын аралау кезінде Шавкат Мирзиеев кеңес үкіметінің тәуелсіздік жолында біраз әділетсіздік көрсеткенін айтты.

“Тәуелсіздікке қол жеткізу оңай болған жоқ. Егемендік алғанымызға 31 жыл болса да, аталарымыз 100 жылдан астам уақыт бұрын соған ұмтылды. 100 мың отандасымыз қуғын-сүргінге ұшырап, 13 мыңы аяусыз атылды. Неліктен? Өйткені олар 2-3 тілді білетін біздің ең ұлы батырларымыз, ұлт қазынасы болды. Кеңестік режим Отанымыздың азаттық пен гүлденуге қауқарлы екендiгiн түсiндi", – дедi Мирзиеев.



Өзбекстан басшысы тарихтың бұл кезеңі толық зерттелмегенін, сондықтан қуғын-сүргін құрбандарын анықтау және олар туралы ақпараттарды қалпына келтіру бойынша зерттеулер жалғасуы керектігін атап өтті.

"Мен бұл адамдардың тағдырына қатысты құжаттарды қағаз болса да тауып беруді, осыған қанша қажет болса, сонша күш жұмсауды тапсырдым. Соның нәтижесінде соңғы уақытта көптеген қуғын-сүргін құрбандарының есімдері белгілі болды. Әділдік үшін қаһарман бабаларымыздың рухын қайта жаңғыртып жатырмыз. Соңғы бір жылда Өзбекстанның Жоғарғы сотының шешімімен 235 отандасымыз ақталды", –  деді республика басшысы.

Талқылау