Өзбекстан құрамасындағы ұлты қазақ боксшы Париж олимпиадасында жеңіліске ұшырады
Өзбекстан құрамасында қазақ боксшы Руслан Абдуллаев Париж олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Париж олимпиадасында өнер көрсетіп жатқан этник қазақ Руслан Абдуллаев жарыс жолынан шығып қалды. Алғашқы жекпе-жегінде жарқын жеңіске жеткен Абудаллаев ширек финалда канадалық Уайетт Сэнфордқа қарсы жұдырықтасып, төрешілердің екі ұдай шешімі бойынша қарсыласына есе жіберді. Осылайша Абдуллаев Париж олимпиадасының жартылай финалына шыға алмай, жүлдеден қағылды. Бұған дейін Қытай құрамасындағы ұлты қазақ боксшы Тоқтарбек Таңатхан да жеңіліп қалған еді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасында бұл салмақта Мұхамедсабыр Базарбайұлы өнер көрсетіп жатыр. Ол ширек финалдық кездесуін бүгін грузиялық Лаша Грулиге қарсы өткізеді.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты

