"Оянсам, ұлым жоқ": Қостанай облысында үш жасар бала жоғалып кетті
Қостанай облысы Әулиекөл ауданының 21 жастағы тұрғыны таңертең оянған кезде 3 жасар ұлын таба алмай, полиция көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “kstnews.kz” порталына сілтеме жасап.
Баланы іздестіруді жергілікті полиция қызметкерлері жүргізді. Полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Мырзабулатов учаскелік инспектор Темірлан Уайсовпен бірге сәбиді жедел іздестіруді бастады.
“Біз Аманқарағай ауылының барлық көшелерін аралап, барлық бейнебақылау камераларын көрдік. Баланы көрген куәгерлер болды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бір сағат ішінде жоғалған баланы Советская көшесінен 5 шақырым жерде таптық, – дейді полиция подполковнигі Бақытжан Мырзаболатов.
Атырауда серуенге шығып жоғалып кеткен 9 жастағы баланың денесі табылды
Белгілі болғандай бала ұйқысынан оянып, сыртқа ойнауға шығып, кейін қақпаны ашып кетіп қалған.
“Полицияға хабарласқанымнан кейін қызметкерлер дереу іздей бастады. Үйлесімді жұмыстың арқасында менің ұлым бірден табылды. Бақытымызға орай, ол аман. Осындай еңбегі үшін қызметкерлерге көп рахмет”, – дейді баланың анасы.