“Өте ұят жағдай”: Еркін күрестен әлем чемпионы бір жыл бұрын уәде етілген пәтерді әлі ала алмаған
Видеодан скрин
Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановқа Қазақстан күрес федерациясынан бір жыл бұрын сертификаты табысталған пәтер әлі күнге дейін берілмеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы спортшы журналист Аслан Қаженовке берген жауабында айтты.
Журналист әлем чемпионының Талғардағы ағасының үйінде тұрып, күн сайын жаттығу үшін Алматыға келіп-кетуге мәжбүр екенін атап өтті.
"Осы сертификатты алып, пәтерді алмағанына бір жыл болыпты. Өте ұят жағдай. Әлем чемпионы әлі күнге дейін бауырының үйінде тұрады. Өз отбасы бар. Өз өмірі бар. Бірақ біреудің баспанасын паналауға мәжбүр. Жаттығу үшін Талғардан Алматыға қатынап жүр. Қанша уақыт жоғалтады?! Қанша жүйке жұқартады?! Масқара ғой", – деп жазды журналист.
Айта кетейік, Нұрқожа Қайпанов 2024 жылы 70 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген