"Өте қиын екен": Ернар Айдар марқұм әкесіне арнап жазба жариялады
Танымал әнші Ернар Айдар марқұм әкесіне арнап жазба арнады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Жыл аяғында өнер иесінің әкесі дүниеден өтті.
“Барлық жұмысымды әкеммен ақылдасатынмын, себебі әкем жан-жақты және турасын айтатын. Әкеммен ақылдасу, маған үлкен шабыт, сенімділік сыйлайтын. Барлық ән кештерімнің алдында, үйде әкеме кішігірім концерт қойып беретінмін. Әкем сонда әндерімнің, киімдерімнің, сөйлер сөздерімнің артық-кемін айтып, ақ батасын беретін еді. Қапыда ерте кеттіңіз-ау, әкешім, сізді сағындым. Алланың бұйрығын қабылдайды екенсің, көнеді екенсің, бірақ өте қиын екен", – деп еске алды әнші.
-
"Төрт секундта көлік аударылып кетті": Ернар Айдар өмірін өзгерткен жол апатын есіне алды
-
"Нақты күнін белгілемедік": Ернар Айдардың Батыс Қазақстан облысындағы концерті кейінге шегерілді
Әнші марқұм әкесіне деген сағынышын өлең жолдары арқылы жеткізді.
"Сонымен құладың ба, тас қамалым?
Қалмады күйініштен басқа амалым.
Зиратың аяқасты болмасын деп,
Бұзылған қорғанымнан тас қаладым.
Шынымен құладың ба, шым қорғаным,
Шынымен өртендің бе, нулы орманым?
Әке, сенің өміріңді жалғамасам,
Құрып кетсін жер басып, ұл болғаным!", – жазды өнер иесі.
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі