"Өте ауыр болды": Айгүл Мүкей балабақшада күтуші болып жұмыс істегенін айтты
Айгүл Мүкей мектепте оқып жүргенде балабақшада күтуші болып жұмыс істеген. Танымал тележүргізуші осылайша ақша табу үшін жазғы демалыста жұмыс істегенін айтады. Алайда бұл қызмет Айгүл ойлағандай оңай болмай шығыпты, деп жазады Stan.kz.

"Өте ауыр болды. Таңғы 6-да келіп, компот пен ботқа толы шелекті таситынмын. Ал түстен кейін 30 жазылмалы керуеттерді жазып, оған 30 матрас төсеп шығатынмын.
Кейін оның бәрін қайта жинап, компотты шелектеп екінші қабатқа таситынмын", – деп еске алды Айгүл.
Тележүргізуші бұл қызметі үшін 70 рубль көлемінде табыс тауып, өзіне туфли сатып алған. Алайда қатты шаршағаны жанына батса керек, жаңа зат та қуаныш сыйламапты.
Айта кетейік, тележүргізуші отандық телехикаяда басты рөлді сомдады. Телеарна өмірін суреттейтін сериал жуырда көрерменге жол тартады.
Жарыстан екінші орын алсам әкем ұрсып, скакалкамен ұратын — Әсел Қанай каратэден әлем чемпионатының қола жүлдегері
Әсел Қанай Әлем ойындарында "Жыл үздік спортшысы" атағын жеңіп алған
"Намысым "штраф стоянкада": Қазақстандықтар Тәуелсіздік күні полицияның ту ұстап жүруге тыйым салғанына шағымданды
Айбар Олжаев: "Көлікке ту іліп, айыппұл алсаңыз, бір штрафыңызды мен төлеп беремін"