Отбасын құрған "Қалаулымдық" Ислам мен Шынар дүркіретіп той жасады (фото, видео)
Осыдан 4 жыл бұрын "Қалаулымда" табысып, айырылысып кеткен жұп Ислам Алтайбаев пен Шынар Меджанова отау тікті. Күні кеше екі жастың үйлену тойы Алматыда дүркіреп өтті, деп хабарлайды Stan.kz.
Ислам мен Шынар араға бірнеше жыл салып, "Бір болайық" жобасында қайта табысты. Сөйтіп үйлену туралы шешім қабылдады.
Жақында Шынардың ұзату тойы эфирде, артынан өзінің туған өңірі – Семей қаласында өтті. Ал кеше, 15 қыркүйек күні Алматыда үлкен той тойланды.
Тойда қалыңдық екі көйлек ауыстырды. Ал Ислам сүйіктісіне бірнеше ән арнады.


"18 миллион халықтың алдында танысып, арты осындай үлкен тойға ұласып отырған Қазақстандағы ең алғашқы жұп", – деп атап өтті Кәрменов сөз сөйлеу барысында.
Қазақстандық әженің үйін жөндеуге келген еріктілер шатырдан 8 пакет ақша тауып алған: Кейуана оны қайыр тілеп жинаған
Ерікті: "Ақшаның тең жартысы тиын"
“Мәселе мәдениетте емес”: Мамандар Қайрат Нұртастың концертіндегі халық әрекетіне баға берді
Мамандар мұндай жағдайлардың тек Қазақстанда емес, өзге елдерде де кездесетінін атап өтті