Отандық әзілкеш Гарик Харламовқа қазақ тілін үйретті
Қазақстандық әзілкеш Данияр Жұмаділов Instagram-дағы парақшасында ресейлік әріптестерімен видео жариялады. Онда Данияр танымал актер, тележүргізуші Гарик Харламовқа қазақ тілін үйретуде, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Рахмет сізге" дедім. Бұл "Спасибо вам" дегенді білдіреді. "Рахмет" – спасибо, "сізге" – вам", – деді Данияр.
"Болды, рахметсізге. Біліп жүремін, рахмет. Менің ұстазым", - деп алғысын білдірді Харламов.
Көп ұзамай әзілкештің қызы да қазақ тіліндегі тіркесті қайталады. Олардың әңгімесіне араласқан стэндапер Илья Соболев:
"Ол рақмет дегенді білдіре ме? Әр стэндаптан кейін Нұрлан (авт. Сабуров) не айтады десем... Өнер көрсетіп болған соң, біреуді шақырып жүр деп ойладым. Біз ақылдырақ болып жатырмыз, күшті", - деді әзілкеш.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды